18 Мамыр 2012 18:22
КazBIN. 18.05.2012.Астана. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры сатып алудың ашықтығын арттыру, бақылау мен жауапкершілікті күшейту мақсатында биылғы жылы электрондық сатып алу жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Қордың қоғамдық кеңесінің отырысында Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.
18 Мамыр 2012 17:16
КazBIN. 18.05.2012. Петропавл. – Петропавлдың полицейлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті қызметкерлері тың тыңдайтын және сығалаушы арнайы техникалық құралдарды, дәлірек айтқанда қаламдарды тәркіледі. Бұл туралы КazBIN-нің тілшісіне СҚО ІІД басқарма бастығы полиции подполковнигі Ермек Татваев хабарлады.
18 Мамыр 2012 17:03
KazBIN.18.05.2012.Астана. – Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі операторы болып табылатын «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуде пайдаланылатын тауар, жұмыс және қызметтердің және оларды өндірушілердің реестрін» пайдалану жеңілдетіліп, жылдамдығы артты.
18 Мамыр 2012 13:37
KazBIN.18.05.2012.Астана. – Кеше Канн фестивалінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» түсірген «Жаужүрек Мың бала» және «Студент» фильмдері әлемдік кино нарығына жолдама алды. Бұл туралы «Қазақфильмнің» баспасөз қызметі хабарлады
18 Мамыр 2012 13:05
KazBIN.18.05.2012.Астана. - «Самұрық-Қазына» шағын және орта бизнесті 1 млрд долларға қаржыландырады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қазақстандық үлесті дамыту мәселелері бойынша қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді.
18 Мамыр 2012 12:49
KazBIN.18.05.2012.Астана. - «Самұрық-Қазына» ұлттық компаниялар сатып алатын, шетелдік тауарлар тізбесін жасады және отандық бизнес өкілдерін оны өндірісте игеруге шақырды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қазақстандық үлесті дамыту мәселелері бойынша қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді.
18 Мамыр 2012 12:32
KazBIN.18.05.2012.Астана. - Бүгін және ертең сағат 10.30-да Астанадағы «Арсенал» кинотеатрында (Ы.Алтынсарин көшесі 4) Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек Мың Бала» тарихи шытырман оқиғалы фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтеді. Бұл жөнінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
18 Мамыр 2012 12:26
KazBIN.18.05.2012.Астана. - «Самұрық-Қазына» қорында арнайы комиссия мемлекеттік сатып алу қорытындысын қайта қарауға немесе өзгертуге құқылы болады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына»-ның қазақстандық үлесті дамыту мәселелері бойынша өткен қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді.
18 Мамыр 2012 12:24
KazBIN.18.05.2012.Қостанай. - Биыл Аманкелді ауданының шалғай терістігінде жатқан Үштоғай ауылдық округінде жаңа орта мектеп салынуда. Бұл жөнінде KazBIN тілшісіне Аманкелді ауданының әкімі Сабыржан Ахметов хабарлады.
18 Мамыр 2012 12:19
KazBIN.18.05.2012.Қостанай. - Келер жылы Қостанай облысында «Аят» жаңа тау-кен өнеркәсібі іске қосылады. Бұл жөнінде KazBIN-нің Қостанайдағы тілшісіне Таран аудандық кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бастығы Раиса Овчарова хабарлады.
Page 1 of 119